Қостанай облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтардың жиырмадан астам сыбайласы қолға түсті
Қостанай облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтардың жиырмадан астам сыбайласы қолға түсті. Бұл — киберқылмысқа қарсы арнайы қызметтің құрылуы мен алты бірдей заманауи аппараттық кешеннің жемісі. Десе де, тәртіп сақшылары тек болған фактілермен күресу жеткіліксіз екенін айтады. Сандық қауіпсіздікті нығайту үшін, ең алдымен, азаматтардың «кибергигиенасын» қалыптастыру қажет.





