Қостанай облысында мәнерлеп сырғанау спорты қарқынды дамып келеді
Қостанай облысында мәнерлеп сырғанау спорты қарқынды дамып келеді. Мұз айдынына шығатын балалардың саны артып, өңір спортшылары республикалық деңгейде өздерін танытып үлгеруде. Дегенмен, әдемі қойылымдардың артында тек қажырлы жаттығу ғана емес, сонымен қатар қаржы тапшылығы, жаттықтырушылардың аздығы және жарыстарға шығу мүмкіндігінің шектеулігі сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінде Қостанайдағы мәнерлеп сырғанау спортының тыныс-тіршілігі қандай?





