Еңбек ауылында құрылысы сағызша созылған мектеп қолданысқа берілді
Көптен күткен қуаныш. Еңбек ауылында құрылысы сағызша созылған мектеп қолданысқа берілді. 100 оқушыға шақталған білім ордасы толықтай заманауи талаптарға сай жасақталған. Айта кетейік, бұған дейін ауыл балалары өткен ғасырдан қалған ескі ғимаратта білім алған болатын.





