Қостанай ауданында 43 отбасыға пәтер кілті табысталды
Қостанай ауданында 43 отбасыға пәтер кілті табысталды. Қоныс иелері Тобыл қаласындағы «Астана» тұрғын үй алабынан баспаналы болды. Салтанатты шараға облыс әкімі қатысып, үй кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған азаматтарды үйлі болуымен құттықтады. Пәтерлер арзан мөлшерлемемен және жеңілдетілген ипотека арқылы ұсынылды.





