18.02.2026 10:00
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Қостанай облысында Хэлсиен сызықтық үдеткіші іске қосылды

  • 18 февраля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанай облысында Хэлсиен сызықтық үдеткіші іске қосылды. Заманауи құрылғы қатерлі ісік ауруларын сәулелік терапия арқылы емдеуге мүмкіндік береді. Жабдық «Қазақстан халқына» қоры қаражатынан 2,7 млрд теңгеге сатып алынды. Дәрігерлердің сөзінше, енді науқастар емді өзге өңірлерге бармай-ақ, қалалық ауруханада ала алады.