Қостанай облысында Референдум күні 717 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады
Қостанай облысында Референдум күні 717 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Бұл жайында облыстық сайлау комиссиясының өкілдері хабарлады. Мамандардың мәліметінше, дауыс беру процесін 4300-ден астам адам қадағалайды. Ал республикалық референдумға қатысу құқығы 539 мыңнан астам тұрғынға беріліп отыр. Комиссия өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық қажетті жағдай қарастырылатынын атап өтті. Яғни, Референдум учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін арнайы мобильді топтар ұйымдастырылып, бюллетеньдерді үйге жеткізу жұмыстары жүргізіледі.





