Қостанай ауданында жоспарлы ағаш бұтақтарын кесу жұмыстары басталады
Қостанай ауданында жоспарлы ағаш бұтақтарын кесу жұмыстары басталады. Оған шамамен 20 миллион теңге қарастырылған. Тобыл қаласынан шығатын Әулиекөл трассасының бойындағы жасыл желектердің арасы қалың нудан тазартылып, қураған ағаштар түбімен алынып тасталады. Бұл жұмыстар аймақтың көркін жақсартып қана қоймай, электр желілеріне тиіп тұрған бұтақтарды қысқартуға да мүмкіндік береді.



