Түнгі клуб маңында болған төбелеске қатысты іс сотта қаралып жатыр
Түнгі клуб маңында болған төбелеске қатысты іс сотта қаралып жатыр. Өткен жылы Қостанайдағы көңіл көтеру орындарының бірінде жанжал шығып, үш жас жігіт бес адамды соққыға жыққан. Қазіргі таңда екі айыпталушыға бұзақылық бабы бойынша айып тағылса, үшіншісіне денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша жауапкершілік қарастырылып отыр. Соңғы сот отырысында бес жәбірленушінің бірі оқиғаның мән-жайын баяндады. Сондай-ақ, сот барысында тараптар көшеде болған төбелес сәті түсірілген бейнебақылау камерасының жазбасын көрді.



