STEM-технологиялар мен робототехника мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қарқынды түрде енгізілуде
STEM-технологиялар мен робототехника мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қарқынды түрде енгізілуде. Балалар ерте жастан логикалық ойлау, бағдарламалау негіздері мен командалық жұмыс дағдыларын меңгере бастайды. Лисаков қаласындағы бөбекжай-балабақшалардың бірінде бұл бағыттағы жұмыс 2020 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінде аталған мекеме STEM-білім беру бойынша эксперименттік алаңдардың бірі саналады. Осы жолы мұнда ерекше форматтағы робототехника турнирі өтті. Дәстүрлі сайыстан өзгешелігі — чемпионатқа балалар емес, олардың ата-аналары қатысты.



