«Қарлы десант»
Қыс айында көмекке мұқтаж адамдарға қолғабыс таныту мақсатында Лисаков қаласының Техникалық колледж студенттері, Жастар ресурстық орталығының белсенділері, еріктілер мен құтқарушылар «Қарлы десант» республикалық акциясына қосылды. Қайырымдылық шарасына қатысушылар қазыналы қарттар мен әлеуметтік осал топ өкілдерінің аулалары мен іргелес аумақтарды қардан тазалады.



