Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Елдің Негізгі заңын реформалау жөніндегі комиссия барлық бөлімдер мен 77 бапты қамтыған ұсыныстарды қарады. Жаңа құжатта адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – халық екені заң жүзінде бекітілді. Конституциялық реформаның мәні мен жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер бүгін Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиында талқыланды.



