Елде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу енгізілуі мүмкін
Елде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу енгізілуі мүмкін. Қазір тиісті заң жобасы әзірленіп, қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр. Жасөспірімдерді жағымсыз контенттен қорғау мәселесіне байланысты жуырда Оқу-ағарту министірі Жұлдыз Сүлейменова пікір білдірді. Жалпы, әлеуметтік желілерге шектеу енгізу әлемдік тәжірибе. Мәселен, Франция, Түркия, Австралия және Дания секілді дамыған мемлекеттерде балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігі заң жүзінде реттелген. Ата-аналар қауымы мен психолог мамандардың бұл бастама туралы пікірі қандай?



