Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық цифрлық технология кезең-кезеңімен енгізіліп келеді
Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық технология кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Жаңартылған Су кодексінде су тұтынушылар үшін деректерді қашықтан жіберу функциясы бар есептеу құралдарын міндетті түрде орнату нормасы қарастырылған. Бұл талаптар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да бірдей қолданылады.
Лисаков қаласында жақын арада цифрлық су есептегіштер мен басқару жүйесі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін арнайы базалық станциялар орнату жоспарланып отыр.





