Қостанай облысында кісі өлімі дерегіне қатысты тергеу жалғасуда
Қостанай облысында кісі өлімі дерегіне қатысты тергеу жалғасуда. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 қаңтар күні тіркелген. Рудный қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен 19 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті ретінде екі адамға іздеу жарияланды. Кейін олар Қазақстанның басқа өңірінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.



