Құқық бұзушылық деңгейін төмендету мақсатында облыстық прокуратура кешенді жоба әзірлеп
Қостанай қаласы қылмыс саны бойынша елімізде топ бастап тұр. Криминогендік ахуалдың ушыққаны соншалық, облыс орталығы Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды секілді ірі қалаларды да артта қалдырған. Құқық бұзушылық деңгейін төмендету мақсатында облыстық прокуратура кешенді жоба әзірлеп, оны қала әкімдігінде таныстырды. 10 бөлімнен және 117 тармақтан тұратын «Айқын нәтиже» жобасында интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын қылмыстардың санын азайтуға бағытталған нақты шаралар қамтылған. Құзырлы орган өкілдері қандай нақты қадамдарға бармақ?



