Тұрғын үйде үлесі бар азаматтар енді жеңілдетілген ипотека ала алады
Тұрғын үйде үлесі бар азаматтар енді жеңілдетілген ипотека ала алады. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады. Бұған дейін, пәтер алушының меншігінде соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс еді. Енді бұл шектеу алынып тасталды. Енді азаматтардың тұрғын үйдегі үлесі болған күннің өзінде жеңілдетілген ипотекаға немесе жалдамалы тұрғын үйге үміткер бола алады. Жаңа ереже ақпан айынан бастап күшіне енеді.



