Қостанай облысында жайылым тапшылығы әлі де өзекті
Қостанай облысында жайылым тапшылығы әлі де өзекті. Қазіргі таңда жеке қосалқы шаруашылық малына арналған жайылым жетіспеушілігі 379 мың гектарды құрайды. Бұл мәселе Сенатта да көтеріліп, депутаттар қайтарылған жерлерді нақты ауыл тұрғындарының игілігіне беру қажеттігін атап өтті.



