Лисаков қалалық ауруханасына жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілуде
Лисаков қалалық ауруханасына жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілуде. Damumed жүйесімен ықпалдастырылған жасанды интеллект бағдарламасы дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетті. Бұл технология науқастың медициналық тарихын жедел анықтауға мүмкіндік беріп, мамандардың диагноз қоюға көбірек уақыт бөлуіне жағдай жасайды.



