Қостанайда «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстарды қабылдау басталады
Қостанайда «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстарды қабылдау басталады. 20 қаңтар мен 1 наурыз аралығында қала тұрғындары әкімдікке жүгініп, өз өтінімдерін тапсыра алады. Жобаның негізгі мақсаты – қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарын жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыру. Бөлінетін қаражатқа балалар және спорт алаңдарын салуға, жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарларды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, аулаларды көгалдандыруға, сондай-ақ орындықтар мен қоқыс жәшіктері секілді шағын сәулеттік нысандарды орнатуға болады. Жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?



