Сарышынақ аязда Тобыл өзеніне түсіп, бой сергітетіндердің қатары күннен-күнге көбейіп келеді
Сарышынақ аязда Тобыл өзеніне түсіп, бой сергітетіндердің қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Олар өзеннің ортасынан ойылған суық суға шомылып шықты. Ал бұл дәстүрге қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Шамамен бір жыл бұрын біз облыс орталығында шынығу арқылы салауатты өмір салтын насихаттайтын топтың жұмысы туралы сюжет түсірген едік. Сол кезде клубта шамамен 50 адам болса, бүгін оның негізін қалаушылардың айтуынша қатысушылар саны бес жүзге жетті.



