Қостанай облысының фермерлері көкөністерді экспорттауға ықтимал тыйым салуға қарсы пікір білдіруде
Қостанай облысының фермерлері көкөністерді экспорттауға ықтимал тыйым салуға қарсы пікір білдіруде. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта маусымаралық кезеңде өнім тапшылығының алдын алу мақсатында көкөніс экспортына үш ай мерзімге уақытша шектеу енгізу мүмкіндігін ұсынған болатын. Алайда жергілікті кәсіпкерлер бұл уәжбен келіспейді. Олардың айтуынша, өңірде көкөніс қоры жеткілікті, тіпті артық. Сонымен қатар, алдағы уақытта жаңа егіс науқаны басталмақ, бұл ішкі нарықты өніммен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.



