Қонай шағын ауданында жер телімдерін беру жұмыстары басталады
Қонай шағын ауданында жер телімдерін беру жұмыстары басталады. Бұл кезекте тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан тегін берілетін учаскелер. Осы аптада жер қатынастары бөлімі қызметкерлері үміткерлерді телефон арқылы хабардар етуді бастайды. Сонымен қатар, бұрынғы Нариманов базары аумағын болашақ мектептің құрылысы үшін 1 маусымға дейін босату қажет. Тек сауда қатарлары ғана емес, сонымен қатар ондағы 36 жер телімі де сүрілуі тиіс. Қазір кейбір меншік иелері әкімдік ұсынған өтемақы сомасына келіспей отыр, бұл мәселе қазіргі уақытта сот арқылы шешілмек.



