«Сарыағаш» сүт-тауарлы фермасы Денисов ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі болып қала бермек
Перелески ауылындағы «Сарыағаш» сүт-тауарлы фермасы Денисов ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі болып қала бермек. 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын 1250 бас ірі қараға шақталған. Өткен 2025 жылы шаруашылық мал басын көбейтіп, сүт өндірісінің көлемін едәуір арттырды. Бүгінде мұнда 800 сауын сиыр күтіп-бапталуда.
Мұндай жоғары көрсеткіштерге мемлекеттік қолдаудың, заманауи технологиялардың және ұжымның бірлескен жұмысының арқасында қол жеткізілді.



