25.08.2026 01:16
Қазақ Қазақ
USD 457.99
EUR 534.15
RUB 5.47
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары Қостанай облысындағы жұмыс сапарын жалғастыруда

  • 9 января, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 12

Мәжіліс депутаттары Қостанай облысындағы жұмыс сапарын жалғастыруда. Мәжіліс депутаты Альберт Рау Лисаков қаласына арнайы іссапармен барып, өңірдегі қала құраушы кәсіпорындардың бірі — «Өркен» серіктестігіне соқты. Сапар барысында ол кәсіпорынның жергілікті филиалына қарасты байыту фабрикасында болып, өндірістік үдерістермен танысты. Сондай-ақ тау-кен байыту комбинатының даму жолдарын кәсіпорын басшылығымен бірге талқылады.