Мектеп оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі басталды
Мектеп оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Олимпиадаға Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген 500-ге жуық оқушы қатысуда. Олар 15 пән бойынша білімдерін сынайды. Жүзден жүйрік шыққандар наурыз айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Кіл мықтыдан кім мықты?



