Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметі
Жаңа жыл қарсаңында халыққа қызмет көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілікті атқаратын салалар аз емес, олардың бірі – жедел жәрдем қызметі. Мамандардың айтуынша, 1 қаңтар күні шақыртулар саны әдеттегіден көбейеді. Сол сияқты, барлық коммуналдық қызметтерде де бұл күні кезекшіліктер ұйымдастырылады.



