Елімізде ұйымдасқан қылмыс экономикалық салаға икемденіп келеді
Елімізде ұйымдасқан қылмыс экономикалық салаға икемденіп келеді. Күрделі қаржылық схемаларды жасау қылмыстық топтардың басты қаруына айналған. Бұл туралы ІІМ департаментінің өкілдері хабарлады. Биыл республика бойынша қылмыстық құрылымдарға қатысты жетпіске жуық қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде Қостанай облысында да орын алғандары бар. Ведомство мамандары ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылымы мен әрекет тәсілдерінің қалай өзгеріп жатқанын баяндады.



