Қостанай облысында діни қатынастар саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталды
Қостанай облысында діни қатынастар саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Ақмола облысының 23 жастағы тұрғыны қайырымдылық қызметі деген жамылғымен, заңсыз әрекеттермен айналысқан. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, ол діни сабақтар мен рәсімдер өткізген, оның үстіне, кәмелетке толмағандардың қатысуымен де ұйымдастырған. Нәтижесінде заңсыз уағыз жүргізген азаматтың ісі сотта қаралды.



