Қостанайлық оқушылар IT байқауларында бақ сынады
Қостанайлық оқушылар IT байқауларында бақ сынады. Бүгін облыстық хакатон байқауына 30-ға жуық оқушы қатысып, инновациялық шешімдерді меңгеру дағдыларын көрсетті. Жеңімпаздар Астана қаласындағы республикалық жарысқа жолдама алды. Олар уақытында өшіп-қосылатын көше жарығын және смартфон арқылы ашылатын құлыпты бағдарламалап, жарысты.



