Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 40 отбасы жарықсыз қалды
Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 40 отбасы жарықсыз қалды. Эвакуациядан кейін пәтерлеріне оралған тұрғындар электр құрылғыларын қолдана алмай отыр. Өрт сөндірілгеннен кейін үйді қаланың әкімі аралап, тұрғындарға энергиямен қамтамасыз ету мәселесін мүмкіндігінше тез шешу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Марат Жүндібаев өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық олқылықтарға назар аударды.



