Заңсыз шырша кескендерге қылмыстық іс қозғалады
Заңсыз шырша кескендерге қылмыстық іс қозғалады. 1 желтоқсаннан бастап Қостанай облысында ормандағы күзет күшейтілді. Жаңа жыл қарсаңында, әсіресе жас қарағайлар өсіп тұрған аймақтар басты назарда. Оларды біреулер түбінен отап алмас үшін арнайы мобильді топтар құрылған, олар күзетті күні-түні жүзеге асырады. Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жыл жақындаған сайын дәл осы шыршалардың саудасы да белең алады.



