Beeline, Tele-2 және Altel операторлары 25-ші желтоқсаннан бастап тарифтерді қайта қымбаттатады
Beeline, Tele-2 және Altel операторлары 25-ші желтоқсаннан бастап тарифтерді қайта қымбаттатады. Ел азаматтарына мобильді байланыс бағасы өсетіні жайында ескертулер жаппай келіп түсуде. Таифтердің бағасы едәуір көтерілмек. Кейбір азаматтар тариф құны екі есеге дейін қымбаттайтынын айтып шағымдануда. Ал операторлар баға өсімін «мәжбүрлі шара» деп отыр. Төлемдердің қымбаттауына электр бағасынын өсуі мен жаңа салық кодексі әсер еткен. Тариф бағасының толастамай өсіп жатқанына қарапайым тұрғындар не дейді?



