Әулиекөл ауданында қарағайды заңсыз кесіп, оны саудаға шығарып отырған қылмыстық топ әшкереленді
Әулиекөл ауданында қарағайды заңсыз кесіп, оны саудаға шығарып отырған қылмыстық топ әшкереленді. Полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, рұқсатсыз ағаш дайындап, оны өткізумен айналысқан 20 адамнан тұратын күдікті топтың әрекетін тоқтатты. Мәліметтерге сүйенсек, топ мүшелерінің бірі аукцион арқылы орман алқабын өңдеуге рұқсат алған. Кейін ол осы мүмкіндікті пайдаланып, заңсыз ағаш бұтаумен айналысқан.



