Қостанайда тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында облыс кубогы үшін алғашқы жарыс өтті
Қостанайда тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында облыс кубогы үшін алғашқы жарыс өтті. Бұл – өңірде пара хоккейден өткен тұңғыш чемпионат. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара бұрын облыста өткізілмеген. Қазіргі таңда пара хоккей ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін ғана дамып келе жатқан спорт түрі. Жарыс қатысушылары өз күштерін сынап, шеберліктерін көрсетті.



