Қостанайда қоғамдық көлік паркi жаңғыртылуын жалғастырады
Қостанайда қоғамдық көлік паркi жаңғыртылуын жалғастырады: келер жылы 24 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімімен өткен кездесуде қала әкімі Марат Жүндүбаев мәлімдеді. Бұдан бөлек, Қостанайда үлкен габаритті қалдықтарға арналған тағы 63 алаң орнатылмақ. Бұл — қазір бар 55 алаңға қосымша. Сонымен бірге жергілікті билік «Тазалық-2012» компаниясының жұмысына көңілі толмайтынын айтты.



