Мемлекеттік тілге 7 қадам облыстық форумы қорытындыланды
Мемлекеттік тілге 7 қадам облыстық форумы қорытындыланды. Биылға шараға жүзден астам түрлі этнос өкілі қатысты. Олар жеті ай бойы жеті түрлі тапсырма орындап, қазақ тілін меңгеруге ат салысты. Қоғамдық даму басқармасы бастауымен ұйымдастырылған бұл жоба осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр.



