Заречное ауылындағы мектеп-лицейде оқушылардың жартысынан көбі онлайн оқуға көшті
Заречное ауылындағы мектеп-лицейде оқушылардың жартысынан көбі онлайн оқуға көшті. Мұндай шешімді білім ордасы балалар арасындағы сырқаттану деңгейінің артуына байланысты өзі қабылдаған. Ал қашықтан оқытуға өтпегендер сабағына қалыпты режимде қатысып жүр. Дегенмен, оларға мектеп ішінде жүріп-тұруға тыйым салынған, әр сынып жеке өз кабинеттеріңде отырады. Қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты білім мекемесінде маска тағу тәртібі енгізіліп, кабинеттер бактерицидті шамдар арқылы тұрақты түрде дезинфекцияланады.



