Рудный бағытына апарар тасжолда биыл жөндеу жүргізілгеніне қарамастан, жарықтандыру әлі қосылған жоқ
Рудный бағытына апарар тасжолда биыл жөндеу жүргізілгеніне қарамастан, жарықтандыру әлі қосылған жоқ. Бұған жүргізушілер шағым түсіруде. Редакциямызға жіберілген кадрларда кей жерлерде электр бағаналары орнатылғаны, ал кей тұстарда мүлде жоқ екені анық көрінеді. Белгілі болғандай, ақылы автожолды жарықтандыру мәселесі бір емес, бірнеше мердігер ұйымның құзырында.



