Облыстық полиция қызметкерлері қала тұрғындарын тексеріп, әлеуметтік эксперимент жүргізді
Қостанайлықтар қырағы екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Облыстық полиция қызметкерлері қала тұрғындарын тексеріп, әлеуметтік эксперимент жүргізді. Сценарий бойынша, алаяқтарға алданып жатқан егде жастағы әйел көпшіліктің назарын аудару керек болды. Департамент қызметкерлері тұрғындардың бұл жағдайға қалай әрекет еткенін арнайы видеоға түсіріп алған.



