Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект туралы Заңға қол қойды. Құжатта жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізігі қағидаттары бекітілген. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерін орындау құралы ретінде қарастырылады. ЖИ көмегімен жеке деректерді жинау, талдау, енді заңға қайшы әрекетке жатады. Туынды жасанды интеллектінің көмегімен жасалса, онда арнайы белгі қойылу қажет.



