Екі баланың анасына қатысты қылмыстық іс сотта қаралуын жалғастыруда
Қостанайда күйеуін пышақтап өлтірді деп айыпталған екі баланың анасына қатысты қылмыстық іс сотта қаралуын жалғастыруда. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта өткен отырыста, тараптар талықлауға түсті. Іс қазылар алқасының қатысуымен қаралып жатыр. Тараптардың адвокаттары қазыларға ерлі-зайыптылар арасында қай жағдайда жанжал туындап, оның қайғылы аяқталғанын тағы бір мәрте еске салды.



