Көлік министірлігі 36 мыңнан астам көліктің қозғалысына шектеу салады
Көлік министірлігі 36 мыңнан астам көліктің қозғалысына шектеу салады. Келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жалпы салмағы 25 тоннадан асатын үш осьті самосвалдардың жүруіне тыйым салатын ереже күшіне енеді. Ал, қаулыны бекіткен ведомства аталған санаттағы көліктердің қозғалысын шектеу жол инфрақұрылымын сақтауға және жөндеу шығындарын азайтуға бағытталған нақты шара екенін айтады. Дегенмен, сала мамандары мен жүргізушілер жаңа талаппен келіспей отыр.



