17.02.2026 20:01
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше дерт түрін әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алып тастады

  • 14 ноября, 2025
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 5

Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше ауыр дерт түрін әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алып тастады. Олардың қатарында ДЦП, қант диабеті және ревматизм кеселдері бар. Дегенмен, ақ халаттылар алаңдаудың еш қажеті жоқ дейді. Себебі бұндай кеселге шалдыққан жандарға тегін дәрі мен ем көрсету тоқтамайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тек қаржыландыру арнасы өзгеретінін түсіндірді. Дегенмен, енді басты шарт науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы тиіс.