12.11.2025 10:37
Қазақ Қазақ
USD 525.28
EUR 607.85
RUB 6.47
Жаңалықтар

Елімізде авторлық құқық туралы жаңа заң қабылданбақ

  • 12 ноября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Елімізде авторлық құқық туралы жаңа заң қабылданбақ. Бұл бастаманы Сенат мақұлдады, тек Президенттің қол қоюы қалып отыр. Шығармашылық және зияткерлік меншік саласын реттейтін норма авторлардың ақ адал қаламақы алуын қамтамасыз етпек. Себебі туындыны қолданудан түскен ақшаны жиып-теріп, оның бір бөлігін авторларға үлестіретін ұйымдардың қызметіне қоғамда жиі күмән тууда. Әділет министрлігі ашықтық пен әділдікті арттыру мақсатында авторлық құқықтарды басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеуде. Бұл жүйе арқылы шығармалардың қайда және қалай пайдаланылғаны, сондай-ақ авторларға төленген сыйақының көлемі мен тәртібі нақты бақылауға алынады.