12.11.2025 10:06
Қазақ Қазақ
USD 525.28
EUR 607.85
RUB 6.47
Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған түпнұсқа суреті табылды

  • 12 ноября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған түпнұсқа суреті табылды. 100 жылға жуық уақыт бойы сақталып келген Алаш қозғалысы көшбасшысының түпнұсқа суреті алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Құнды жәдігерді ұлт ұстазының жиен немересі осы уақытқа дейін отбасылық архивте сақтап келген. Тарихи сурет қоғам қайраткерінің абақтыда отырған сәті , шамамен өткен ғасырдың 1930-34 жылдары аралығында түсірілгені болжанып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл Байтұрсынұлының өмірінің соңғы кезеңін бейнелейтін сирек кадрлардың бірі. Сурет ұлттың ұлы тұлғасының бейнесін бұрынғыдан да жақынырақ тануға мүмкіндік береді, дейді сарапшылар.