Тәртіп сақшыларының қарамағында он ұшқышсыз ұшу аппараты пайда болды
Қостанай облысының елді мекендерінде жаяу жүргіншілерге жол бермейтін жүргізушілерді анықтау үшін полиция қызметкерлері енді ауадан да болады. Тәртіп сақшыларының қарамағында он ұшқышсыз ұшу аппараты пайда болды. Дрондарды арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер басқарады. Ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жүргізушілердің бірнеше бұзушылықтары әуе бақылаушыларын қолданудың алғашқы сағатында байқалды.



