Футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажет
Футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажет. Үкімет сағатында Мемлекет басшысының жолдаудағы тапсырмасының алғашқы нәтижелері баяндалды. Бүгінде әкімдіктердің қалтасынан қаржыланып келген төрт клуб жеке инвесторлардың қолына өтті. Бұл бюджетке салмақ азайып, спорт нарығының өз заңдылығымен дамуына жол ашпақ. Енді бұл клубтар жасанды тыныспен емес, өз демімен өмір сүрмек. Яғни, өздері күнелтеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай үрдіс футболды бизнеске айналдырудың, ал жанкүйерлер үшін шынайы бәсеке мен сапалы ойын көрудің бастауы болмақ. Ендігі жауапкершлік клубтың жаңа қожайындарының мойнында.



