Облыста жасөспірімдер мен студенттер арасында жасанды интеллект (ЖИ) бойынша дағдылар кеңейіп келеді
Облыста жасөспірімдер мен студенттер арасында жасанды интеллект (ЖИ) бойынша дағдылар кеңейіп келеді. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ЖИ бағдарламалау бойынша ХАКАТОН байқауының нәтижесі жарияланды. Бұған шамамен 50 студент қатысты. Олар автокөліктерді сырлау кезінде пайда болатын ақауларды ЖИ арқылы анықтайтын бағдарламалар жасады. Қатысушылар 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы үшін бақ сынасты.



