Қостанай қаласында 48 азамат қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашты
Қостанай қаласында 48 азамат қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашты. «Бастау Бизнес» жобасы аясында жүзеге асатын бұл бағдарлама әлеуметтік осал топтағы азаматтарға бағытталған. Яғни осы санаттағы тұрғындар арнайы курстан өтіп, 1,5 млн теңге көлеміндегі грантты ұтып алу үшін комиссия алдында өз жобаларын қорғауы қажет.



