01.07.2026 09:25
Қазақ Қазақ
USD 480.72
EUR 548.07
RUB 6.14
Жаңалықтар

Қостанай облысында полицейлер бірнеше интернет-ұрлық дерегін әшкереледі

  • 23 октября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 7

Қостанай облысында полицейлер бірнеше интернет-ұрлық дерегін әшкереледі. Қылмыс салдарынан жәбірленушілердің банк және зейнетақы шоттарынан бір миллион екі жүз мың теңгеден астам қаражат ұрланып, айтарлықтай зиян келтірілген. Жедел уәкілдер облыстық киберполиция мамандарымен бірлесе жүргізген тексеру барысында барлық ұрлыққа бір адамның қатысы бар екенін анықтады. Ең өкініштісі — жәбірленушілер қаржылық қосымшалар орнатылған ұялы телефондарын өз еріктерімен сол адамға берген.